КҮЙЕУІН РАЗЫ ЕТКЕН ДАНА ӘЙЕЛ!
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) батасын алған, ең ұзақ өмір сүрген сахаба Әнас ибн Маликтің (р.а) анасы, өзінің даналығы, Құдайдан қорқар ақылдылығымен, жәннатты жаны сүйген тақуалығымен есте қалған сахаба әйелдердің бірі Румейса болатын. Ол күйеуінен бұрын Исламды қабылдап, баласына ізгілікті, Исламды насихаттаған, күйеуі Әбу Тәлһаға бірқұдайшылықты үйреткен. Әрі дініміздегі әйелдердің ішіндегі мәһрі ең күшті әйел де осы Румейса еді. Себебі, оның күйеуінен мәһр ретінде талап еткен нәрсесі – дүниедегі ең маңызды нәрсе - бір Аллаға ғана құлышылық қылу болатын. Бір күні күйеуі Әбу Тәлһа жоқ кезде олардың әл үстінде жатқан балалары көз жұмады. Бұл жайдан бейхабар күйеуі кешке үйіне келгенде Румейса анамыз болған жайды сездірместен, күйеуінің тамағын тойдырып, көңілін тоқ қылғаннан кейін ғана: «Я, баламның әкесі! Біреу біреуден аманат алса және оны қайтарудан бас тартса, онда оның бұл әрекеті дұрыс бола ма?» деп сұрайды. Әбу Тәлһа: «Әрине, жоқ! Аманатты міндетті түрде өз иесіне тапсыру керек», - деп жауап береді. Дәл осы жауапты күткен анамыз сол сәтте: «Ендеше, Алла бізге аманат қылып берген баласын қайтып алды, сабыр етіңіз», - деп балаларының дүниеден озғанын естірткен екен. Румейса анамыздың бұл даналығы өзін әйел, ана санайтын барша нәзік жандыларға үлгі. Күйеуіңізге қарны аш, өзі шаршап тұрған кезде өтініш жасамағаныңыз дұрыс. Керісінше тамағын беріп, ұйқысын қандырып, көңілі жай тапқан кезде айтылған өтініш далада қалмасы анық. Тіпті, ғалымдар оны еркектерге де үлгі болуға тұрарлық жандардың қатарына қосқан. Кішкентай күнінде баласы Әнасқа кәлиманы үйретіп, оны тура жолда жүрсін деген ниетпен Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) берген Румейса анамыз Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиі зиярат ететін адамы еді. Және бұл кісіге байланысты Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның жәннатта жүргенін көргені жайында хадис жеткен.
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #апталық #әйел #үйшаруасы #балакүтімі #балатәрбиесі #кеңестер #Румейса